Батутты гимнастикадан қазақстандық спортшылар үздік бестікке енді

877

Пірмаммад Алиев пен Игорь Грачев синхронды түрде секіруден үздік бестікке енді. 

Батутты гимнастикадан қазақстандық спортшылар үздік бестікке енді

Жапонияның Маебаши қаласында батутты гимнастикадан Әлем Кубогы кезеңі өтті, деп хабарлайды prosports.kz. 

1-6 тамыз аралығында ұйымдастырылған бәсекеде қазақстандық спортшылар 5-ші орын иеленді.

Нақтылап айтар болса, шымкенттік Пірмаммад Алиев пен өскемендік Игорь Грачев синхронды түрде секіруден үздік бестікке енді. 

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай, екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Дания спортшылары иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу