Батыс Қазақстанда қарақшы дүкеннен 6 млн теңге ұрлап кеткен

282

Күдікті ұсталды.

Батыс Қазақстанда қарақшы дүкеннен 6 млн теңге ұрлап кеткен Фото: Polisia.kz

Ақсай қаласында супермаркеттен әкімгерді ұрып-соғып, 6 млн теңгені ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 25 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

"Аталмыш күдікті супермаркет ауласында әкімгерді бағып тұрып, ұрып-соғып, кілтін тартып алған. Содан кейін дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кіреді. Сол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табыс түсімін жымқырып кетеді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу