Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы оқ жарақатын алды

354

Баланың ата-анасы шағым жазудан бас тартты.

Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы оқ жарақатын алды Фото: freepik

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті жазатайым оқиғаның Ақжайық ауданында болғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

30 жастағы ер адам абайсызда мектеп оқушысына оқ атып жіберген. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Аудандық білім бөлімі оқиғаның 3 ақпанда болғанын мәлімдеді.

"17 жастағы 11-сынып оқушысы ағасымен аңға шыққанын айтты. Сол жерде жарақат алған. Біз оқиғаның қалай болғанын білмейміз, бірақ қару атылған соң бытыра көзіне, бетіне және мойнына тиген. Мектеп оқушысы аман-есен. Ата-анасы шағым айтқан жоқ",  - деп түсіндірді білім бөлімі.

Ал аудан әкімі аңға шыққандардың ішінде кәмелетке толмаған бір бала болғанын, қалғандары ересек адам екенін мәлімдеді. Аңшылардың мылтық қолдану бойынша тиісті рұқсаты болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу