Батыс Қазақстанда жолды су шайып кеткендіктен бір ауыл қатынассыз қалды

269

Өңірде тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. 

Батыс Қазақстанда жолды су шайып кеткендіктен бір ауыл қатынассыз қалды Фото: БҚО ТЖД

Батыс Қазақстан облысында жолды қар суы шайып кеткендіктен бір ауыл қатынассыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 наурыз күні сағат 23.00-де Теректі ауданы аумағында Шалқар ауылдық округі орталығы Сарыөмір ауылынан 7 шақырым жерде болды. 

Қардың көп еруінен аудандық маңызы бар Сарыөмір-Дуана автожолының 2 ойпатты учаскесін су шайып кеткен. Осыған байланысты көлік қозғалысы тоқтатылды. Дуана ауылымен көлік байланысы жоқ.

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өңірде тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Тәулігіне 33 604 текше метр қар суы сорылды. Оған 519 адам жұмылдырылып, 199 техника, 87 мотопомпа тартылды. Облыс бойынша қауіпті тұстарға барлығы 2 840 дана қап салынса, соның 2 мыңы Орал қаласы, 500-і Қаратөбе, 300-і Сырым, 40-ы Теректі ауданының үлесіне тиеді", - деп хабарлады ведомстводан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу