Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт пен орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec ақпаратынша, 27 жастағы Жүкембаев рингке 17 мамырда Монреалдағы (Квебек провинциясы, Канада) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінде оралады. Қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.
Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 16 наурызда осы аренада өткізіп, мексикалық Хильберто Месуді төрешілер шешімімен ұтқан еді. Тоғыз раундқа созылған жекпе-жек қазақстандық боксшының мансабындағы ең ұзақ кездесу болды.
Жүкембаев кәсіпқой бокста 2015 жылдың қыркүйегінен бері өнер көрсетіп жүр, жекпе-жектерінің бәрін Канадада өткізген. Ол Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.
Қазір Батыр Жүкембаевқа америкалық промоутерлер қызығып жүр. Қазақстандықтың менеджері Анна Рева боксшының биыл америкалық нарыққа шығуды жоспарлап отырғанын айтты.