Кеңес Одағының батыры семейлік жауынгер Әйткеш Ибраевқа қатысты құнды деректер енді ұрпақ жадында жаңғырмақ. Грамоталар, хаттар, наградаларының куәліктері мен Кеңестер Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының қорына өткізілді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
40 жылдан бері батырдың өмір жолын терең зерттеп жүрген семейлік қаламгер Шаймардан Қалиақпаров бұл заттардың барлығы түпнұсқа екенін атап айтты.
Семейдің іргесінде туып-өскен Әйткеш Абайұлы 18 жасында қан майданға аттанып, 1944 жылы Минск түбіндегі кескілескен шайқастардың бірінде ерлікпен қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу