Биыл стипендия алуға Алматы, Қарағанды, Астана, Павлодар, Өскемен, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан үміткерлер түсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
39 өтінімнің ішінен екінші турға 13 үміткер өткен. Ал жалпы 2021-2022 жылдарға арналған стипендиялар саны – 8.
СТИПЕНДИЯ АЛҒАНДАР:
● Самуил Андрейкин (саксофон) және Аяжан Оспанбаева (гобой) – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
● Диляра Ажыканова (саксофон), Санжар Қантай (кларнет) және Әлібек Түгелбаев (труба) – Қазақ ұлттық өнер университеті;
● Глеб Мерзликин (Кларнет) – Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
● Мерей Қайыркен (саксофон) – Қарағанды дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты;
● Төрегелді Жасұлан – Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат.
Жоғары оқу орындарының студенттері 500 000 теңге көлемінде стипендия алады, ал мамандандырылған мектептердің оқушыларына 250 000 теңге төленеді.