Қазақстандық спортшылар одағының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда өткен сайыста әр ауданнан 8 балуан қатысқан. Олар қап, бөрене, тас көтеру, темірді майыстыру, белдесу сайысында өзара мықтыны анықтады.
Жобаның авторы, балуан, Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры – Сергей Цырульников.
Оның айтуынша, мұндай сайыстарға кезінде қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы да қатысыпты.
Batyrs' Battle турнирінде Асхат Пішембаев жеңіске жетіп, белдікке ие болды. Екінші орынды Бекбол Нұрланұлы алса, үшінші орын Болат Ахметовқа бұйырды.
"Одақ атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын. Біз осы спорт түрінің дамығанын қалаймыз. Өйткені бұл тек салауатты өмір салтын ғана емес, бабамыздан қалған дәстүрді насихаттау", – деді Қазақстандық Спортшылар одағының төрағасы Азамат Қарлығашев.