Batyrs' Battle турнирінің жеңімпаздары анықталды

1024

Жарыста 8 спортшы бағын сынады.  

Batyrs' Battle турнирінің жеңімпаздары анықталды

Түркістанда Batyrs' Battle турнирі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан спортшылар одағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс қаладағы Karavansaray Turkistan кешенінде өткен. Жарысқа 8 спортшы қатысқан.

Олар сайыстың 5 түрі бойынша (сөмкелерді биікке көтеру, бөрене көтеру

тас көтеру, металл шыбықты майыстыру, белбеу күресі) өзара мықтыны анықтады.

"Тартысты өткен турнирде Batyrs' Battle белдігін бокстан спорт шеберіне үміткер Нұрбахыт Айтжанов жеңіп алды, екінші орын пауэрлифтингтен спорт шеберіне үміткер Зиямиддин Саитмуратовқа бұйырды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу