Батыс Африкада эболадан 1,3 мың адам көз жұмды

744

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қатерлі ауруға шалдыққан әрбір 3 баланың екеуі одан көз жұмады екен.

Батыс Африкада эболадан 1,3 мың адам көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасында эбола дерті дендеп барады. Ол таралу ауқымы жағынан 2013-2015 жылдары Батыс Африкада етек жайған эпидемиядан кейін екінші тұр, деп хабарлайды 24.kz.

Аса қауіпті бұл індет бір жылда 1 мың 300-ге жуық адамның өмірін қиған. Тағы 2 мыңдай тұрғын осы ауру түрін жұқтырыпты. Оның төрттен бір бөлігін 15 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қатерлі ауруға шалдыққан әрбір 3 баланың екеуі одан көз жұмады екен. Ал ересектер арасындағы өлім көрсеткіші тіпті жоғары. Ол 50 пайыздан асады.

Айта кетейік, эбола дерті Батыс Африкада 2015 жылы басталып, негізінен Гвиней, Сьерра-Леон және Либерия елдерін қамтыған еді. Ал Конго Демократиялық Республикасында бұл індет өткен жылдың тамызында белең алған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу