Мали, Буркина-Фасо және Нигер Халықаралық қылмыстық соттан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Бірлескен мәлімдемеде Халықаралық қылмыстық соттың әскери қылмыстар мен геноцидті қудалауға қауқарсыз екені жазылған. Осылайша Мали, Буркина-Фасо және Нигер Халықаралық қылмыстық соттың құрамынан шығатынын ресми түрде жариялап отыр.
Құжатта халықаралық сот қысым көрсету құралына айналғаны да көрсетілген. Осыған байланысты аталған үш ел Рим статутынан шығу туралы шешім қабылдаған.
Бұл шешім бірден күшіне енетіні де белгілі болды. Мали, Буркина-Фасо және Нигер алдағы уақытта ұлттық құндылықтарға сай жергілікті және өңірлік әділет механизмдерін құруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін наурыз айында аталған үш мемлекет Сахель Альянсының қылмыстық және адам құқықтары жөніндегі сотын құрғысы келетінін мәлімдеген еді.