Батыс аймақта өрт сөндірушілер саны көбейтілмек

1851

Маңғыстаудағы Басқұдық ауылына 58 адам жұмысқа алынады.  

Батыс аймақта өрт сөндірушілер саны көбейтілмек

Еліміздің батыс аймағында өрт сөндірушілер саны көбейтілмек. Ол үшін биыл республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 494 штаттық бірлік құрылмақ екен, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Әрі қарай бұл құрам Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облысы Басқұдық ауылы бойынша бөлінбек. Мұның ішінде, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысының әрқайсысына 131 өрт сөндіруші, Ақтөбе облысына 174, Басқұдыққа 58 өрт сөндіруші алу қарастырылған. Белгілі болғандай, бұл жобаны жүзеге асыру 2021-2023 жылдарға   республикалық бюджеттен 2 918 901 теңге қажет етеді.

Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назар Селимовтың айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша 4 өрт сөндіру депосы қажет. Ақтау қаласында нормаға сәйкес 5 депо болуы тиіс, қазіргі кезде екеуі жұмыс істеп тұр, алдағы маусым айында үшіншісі ашылады. Ал жеке-дара сөз болған Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық селосы Ақтау қаласына жақын орналасқан. Оның үстіне, елді мекен аумағы үлкен, бүгінде онда шамамен 4500 тұрғын үй, 36 мыңдай адам тұрады.

"Былтыр Басқұдықта жаңа өрт сөндіру депосы салынды, өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары бойынша 768 адам жұмыс істейді. Жаңа штат бекітіліп келген жағдайда оған үміткерлеріміз дайын тұр", - дейді Назар Селимов.

Белгілі болғандай, елдің батыс аймағындағы болашақ өрт сөндірушілер ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі Көкшетау техникалық институтының Ақтөбедегі аймақтық филиалында білімін жетілдіріп, біліктіліктерін арттырады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу