Батыс аймақтарда өздігінен мұнай атқылайтын авариялық ұңғымалар бар

686

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешовтің айтуына қарағанда, ел аумағында 131 авариялық мұнай ұңғымалары анықталды. Бүгінде оның 126-сы жойылған. 

Батыс аймақтарда өздігінен мұнай атқылайтын авариялық ұңғымалар бар

Бұл туралы министр Үкімет үйінде өткен брифингте "Халық үні" ақпарат порталы журналисінің сұрағына жауап беру барысында айтты.

Журналистің сөзіне сүйенсек, өздігінен мұнай атқылап жатқан ұңғымалардың кесірінен халық экологияға зияны тиеді деп қауіптенеді.

"Республикалық бюджет есебінен 131 авариялық ұңғыманың 126-сы жойылды. Қазір Ақтөбеде – екі, Маңғыстауда – екі және Атырауда бір авариялық мұнай ұңғымасы қалып отыр. Жыл аяғына дейін жобалық-сметалық құжаттама дайындалады. Келесі жылы оларды жою көзделіп отыр", деді Брекешев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу