Батыс елдері Израильге көмектесетін болды

942

АҚШ, Германия, Франция, Италия мен Ұлыбритания басшылары Израильге ХАМАС шабуылы кезінде өзін қорғауға көмектесетінін айтты. 

Батыс елдері Израильге көмектесетін болды Фото: bangkokbook.ru

Дегенмен батыс елдерінің басшылары "Палестина халқының заңды ұмтылыстарын" қолдайтынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Джо Байден, Олаф Шольц (Olaf Scholz), Эмманюэль Макрон, Джордж Мелони мен Риши Сунак дүйсенбі күні кешке жарияланған бірлескен мәлімдемеде: "қазір қандай да бір топтың Израильге қарсы үстемдік ететін уақыты емес".

"Алдағы күндері біз біртұтастық пен бірлікті сақтаймыз, Израильдің одақтастары мен достары ретінде бірге боламыз, Израильге өзін қорғауға жол ашып, сайып келгенде - бейбіт және интеграцияланған Таяу Шығыс аймағын жасауға көмектесеміз", - делінген Батыстың бес елінің көшбасшыларының бірлескен мәлімдемесінде.

Сонымен бірге олар "Палестина халқының заңды ұмтылыстарын" мойындайтындықтарын және израильдіктер мен палестиналықтар үшін әділеттілік пен бостандықты қолдайтындықтарын атап өтті.

"Бірақ ХАМАС бұл ұмтылыстарды білдірмейді және Палестина халқына одан да көп террор мен қантөгістен басқа ештеңе ұсынбайды", - делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу