Батыс елдері Киевке әскери борышын өтеуден жалтарғандарды қайтаруға көмектеспейді

147

2022 жылдың 24 ақпанынан бастап мобилизация жасындағы 650 мыңға жуық украин шетелге кетті. Әскери қызметкерлердің жетіспеушілігі жағдайында Киев оларды қайтаруға тырысады.

Батыс елдері Киевке әскери борышын өтеуден жалтарғандарды қайтаруға көмектеспейді Фото: REUTERS/UKRAINIAN ARMED FORCES

Батыс елдері Киевке өз аумағында украиндардың әскери міндеттілерін іздеуге көмектесуден және оларды Украинаға жіберуден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік ақпаратына сәйкес, Украина президенті Владимир Зеленский осы мәселе төңірегінде екіжақты кездесулер аясында одақтастарына қолқа салған. Алайда, басылымның айтуынша, Польшадан Венгрияға дейінгі елдердің саясаткерлері соғыс жүріп жатқан кезде украиндық босқындарды Отанына жібермейтінін мәлімдеді.

Bloomberg атап өткендей, батыс елдері босқындарды гуманитарлық алғышарттардан бөлек, экономикалық себептерден - жұмыс күшінің жетіспеушілігі салдарынан қабылдайды. Атап айтқанда, соғыс басталғанға дейін мыңдаған украиндық ер адамдар Польша мен Чехияда жұмыс істеді. Ресейлік агрессия басталғаннан бері көптеген адамдар ұрысқа қатысу үшін отанына оралды. Жұмыс күшінің кетуі құрылыс және көлік сияқты салаларда қатты сезіле бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу