Батыс елдері Ресейдің Украина шекарасындағы әрекетін талқылады

862

Бұған дейін Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғаны хабарланған еді. 

Батыс елдері Ресейдің Украина шекарасындағы әрекетін талқылады

АҚШ, Британия, Канада, Литва және Польша елдері Украина бойынша кездесу өткізіп, Ресейдің әскери белсенділігінің артуын талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz  АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Кездесуді Британияның қорғаныс министрі Бен Уоллес өткізді. Америкалық тараптан отырысқа қорғаныс министрі орынбасарының міндетін атқарушы Аманда Дори қатысқан.

"Тараптар Украинаның егемендігін, аумақтық тұтастығын және еуроатлантикалық ұмтылысын қолдайтынын тағы да растап, Ресейдің әскери белсенділігінің артуын талқылады. Ресейдің тұрақсыздандырушы әрекеттері 27 жылдың 2020 шілдесінде ЕҚЫҰ-ның делдалдығы арқылы қол жеткізілген келісімнің шарттарын бұзып отыр, яғни  шиеленісті реттеуге кедергі келтіреді", – деп жазылған Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясының 4 мыңға жуық әскериі Украинамен арадағы шекараға жиналғаны хабарланған еді.Вашингтонның мұндай қадамға баруына Ресейдің 23 наурызда аяқталған әскери жаттығулардан кейін өз әскерін шығармауы себеп болған. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Ресей Брянск, Воронеж және Ростов облыстарына, сондай-ақ Қырымға қосымша әскер жіберіп жатқандығы туралы хабарламалар пайда бола бастады. 

Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылы енгеннен кейін, Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу