Батыс елдері ресейлік емес, мұнайдың Босфорда кептелісте тұрып қалғанына наразы

512

Босфор бұғазында қазақстандық мұнай тиеген танкерлер тоқтап тұр.  

Батыс елдері ресейлік емес, мұнайдың Босфорда кептелісте тұрып қалғанына наразы Фото: kaztag.kz

Батыс шенеуніктері Ресейге қарсы санкцияларға ілінбейтін шикізат Түркия арқылы ары қарай өте алмай жатқанына наразы, деп хабарлайды inbusiness.kz The Financial Times ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Батыс елдері түрік билігін ресейлік емес мұнай танкерлерінің өтуіне тосқауыл қойып, теңіз жеткізілімдері мәмілесін бұзды деп айыптайды. Бұл туралы британдық басылым шенеуніктерге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Аталмыш кедергілер - Түркияның жаңа ережелерінің нәтижесі, оның шекті баға саясатына еш қатысы жоқ (Ресей мұнайы)", - деп келтіреді баспа.

АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо тіпті Түркия СІМ басшысының орынбасарына қоңырау шалып, Ресей мұнайына қатысты баға шегі кемелерді тексеруді күшейтуді қажет етпейтінін түсіндіруге тырысты.

1 желтоқсаннан бастап Қара теңіздегі Босфор бұғазы мен Мәрмәр теңізіндегі Дарданеллде оннан астам танкер тұрып қалды және Vesselfinder мәліметтері бойынша олардың саны күннен-күнге өсіп келеді. Ал негізінде олардың біреуі ғана ресейлік мұнай өнімдерін тасымалдайды, оның өзі 5 ақпанға дейін санкцияларға ілінбеген. Қалғанының бәрі - қазақ мұнайы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу