Батыс елдері жыл соңына дейін Украинаға $14 млрд бөледі

626

Күзде Халықаралық валюта қорымен жаңа несие бағдарламасы туралы келіссөздер басталмақ.

Батыс елдері жыл соңына дейін Украинаға $14 млрд бөледі

Украина 2022 жылдың соңына дейін Батыс елдерінен 14 миллиард доллар көлемінде қаражат алады. Бұл туралы Reuters агенттігі елдің бірінші вице-премьері Юлия Свириденкоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Украина 12,7 миллиард доллар көлемінде халықаралық бюджеттік көмек алды. Жыл соңына дейін Батыс елдері тағы 14 миллиард бөледі", – деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Агенттіктің дерегінше, күзде Халықаралық валюта қорымен жаңа несие бағдарламасы туралы келіссөздер басталмақ.

Свириденко Украинаның ЖІӨ 2023 жылы тағы да төмендейтінін немесе 2022 жылы 30-35%-ға қысқарғаннан кейін 15,5%-ға өсуі мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Bloomberg Еуропалық Одақ экономикалық мәселелерге байланысты Украинаға 9 млрд доллардың орнына тек 1 млрд доллар жіберетінін хабарлаған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу