Батыс Қазақстан облысындағы ауыл маңында шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты құлағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы "Мой город" порталы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Желіде оқиға орнынан түсірілген сурет тарады.
"Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған нысан елді мекеннен тыс жерде анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бұл бірінші рет тіркелген дерек емес. Бұған дейін де Батыс Қазақстанда дрон құлағанын жазғанбыз.