Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе отырып, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайыржан Меңдіғалиев тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өңір басшысы өзінің жаңа орынбасарын таныстырып, Қайыржан Ермекұлына жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, оның алдында тұрған бірқатар міндеттерді де тілге тиек етті.
БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) бірінші проректоры, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымдарын атқарған, оқытушы, кейін Халықаралық бизнес университетінде (UIB) проректор болып жұмыс істеген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратураны бітірген.
Үйленген, үш баласы бар.