Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және даладағы еріген қардың суы салдарынан 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ 8 аула аумағын су басты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы жабынды ашу жүргізілді.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 21 адам, 4 бірлік техника, 2 мотопомпа және 1 қайық, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан 12 адам, 3 бірлік техника, полиция департаментінен 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды. БҚО ТЖД бастығының м.у.а. полковник Руслан Қасыбаев оқиға орнында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу