Бұл туралы елордада өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Облыс экономикасының негізгі салаларында төрт айдың қорытындысы бойынша былтырмен салыстырғанда тұрақты өсім көрсетті. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі – 20,6%, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%, құрылыс жұмыстарының көлемі - 34%, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%, негізгі капиталға инвестициялар 34,6% өсіп отыр", – деді аймақ әкімі.
Бұл ретте өңір бксшысы жалпы өңірлік өнім өндірісіне тоқталды. Оның көлемі 2022 жылдың 9 айының қорытындысында 1,3% өсіп, 2 трлн 876 млрд теңгені құраған.
"Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында жалпы құны 1,9 трлн теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды", – деді спикер.