Батыс Қазақстан облысында 100 млрд теңгеге 500 шақырым жол жөнделеді

1231

Батыс Қазақстан облысында биыл 100 млрд астам теңге қаражатқа 500 км астам жолды жөндеу көзделіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖол мекемесіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында 100 млрд теңгеге 500 шақырым жол жөнделеді Фото: ҚазАвтоЖол

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің мәлім еткеніндей, соның 277,5 шақырымы (33,7 млрд теңге) – жергілікті жолдар. 

Оның сөзіне қарағанда, нәтижесінде жыл соңында жергілікті автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 58 пайызға жететін болады. 

"Осы орайда соңғы жылдары халық жиі айтып жүрген шалғайдағы Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолды биыл толық бітірмекшіміз. Алдыңғы жылдары аяқталмай қалған 120 шақырым жолдың 104-і 2023 жылы мәресіне жетті. Биыл қалған 16 шақырымға асфальтбетон төселеді. Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданының тарихи Хан ордасы ауылына кіреберіс жолды (21 км) жөндеп, биыл аяқтайтын боламыз. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстағы басқа бағыттардағы жолдар да бақылауымызда болады", - деді өңір басшысы.

 

Айта кетейік, 2023 жылы 82 млрд теңгеге 562 шақырым жол жөнделді. Соның нәтижесінде автомобиль жолдарының сапасы 46-дан 52 пайызға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу