Батыс Қазақстан облысында 18 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді

412

Хан тоғайындағы қызыл жалынды ауыздықтауға 100-ден астам адам, 25 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды.  

Батыс Қазақстан облысында 18 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді Фото: Бейнежазбадан

Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығының Хан тоғайы аумағында болған табиғи өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызыл жалын шамамен 18 гектар жерді шарпыған.

Өртті сөндіру жұмыстары екпінді желдің салдарынан қиындаған. Жел жалынның тез таралуына және өрт аумағының ұлғаюына әсер еткен.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмылдырылған қызметтердің жұмысы үйлестірілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп өртті алдымен оқшаулап, кейін толық сөндірді.

Өртпен күреске 100-ден астам адам, 25 техника, сондай-ақ "Қазавиалесоохрана" РМҚК мен Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы қатысты.

Авиация көмегімен 46 рет су төгілді. Жалпы 68 тонна су пайдаланылды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір оның шығу себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу