Батыс Қазақстан облысында 30 жаңа мектеп салынады

702

Батыс Қазақстан облысында биыл 30 мектептің құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында 30 жаңа мектеп салынады Фото: stroyprivat.com

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, соның 18-і – жайлы мектеп, 10-ы – шағын мектептер. Оған қоса Орал қаласында №31 және №8 мектеп салынады.

"Сонымен қатар 2024 жылы облыста 5 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілмек. Соның біреуі – Жаңақала ауданы Карманов мектеп-балабақша-ясли кешені "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында ретке келтірілмек. Қалған төртеуі – Оралдағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернаты, Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі, №9 және №17 мектептер "ҚПО б.в." компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары есебінен қайта жөнделмек. Сондай-ақ 62 ауыл мектебін 160 қазіргі заманғы кабинеттермен, жиһаздармен материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,6 млрд теңге бөлінді", - деді өңір басшысы. 

Жалпы, әкімнің мәліметі бойынша Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыста білім беру саласын дамытуға 37 млрд теңге қаралды. Оның ішінде апатты жағдайдағы мектептердің, сонымен бірге үш ауысымды оқыту, оқушы орын тапшылығы мәселелерін түбегейлі шешу үшін өткен жылы 17 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл мектептер 2 178 оқушыға лайықталған. 

Мектептерде оқушыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін 2,3 млрд теңгеге 114 заманауи пәндік кабинеттер жабдықталып, 62 ауылдық мектепке қажетті құралдар мен жиһаз алынды. Алты мектепті күрделі жөндеуге 2,5 млрд теңге бөлінсе, соның төртеуінде жұмыстар аяқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу