Батыс Қазақстан облысында 328,7 км электр желісі мен 12,4 км жылу желісіне жөндеу жүргізіледі

388

Нысандарының қысқы маусымға дайындығы тексерілді.  

Батыс Қазақстан облысында 328,7 км электр желісі мен 12,4 км жылу желісіне жөндеу жүргізіледі Фото: gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Шөгелбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің энергетика нысандарын 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға энергетикалық кәсіпорындардың басшылары қатысып, жөндеу жұмыстарының барысы, инфрақұрылымның қысқы жүктемелерге дайындығы және тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында облыста 328,7 шақырым электр беру желісі, 19 қосалқы станция және 70 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 70,8 шақырым электр желісі жаңартылып, жоспардың 21,5%-ы орындалды.

Сонымен қатар өңірде 12,4 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бүгінге дейін оның 3,4 шақырымы жөнделді. Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында 8,1 шақырым жылу желісін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

"Жайықжылуқуат" АҚ жылу электр орталығында бір газ турбиналық қондырғы мен бір қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда газ турбиналық қондырғыдағы жұмыстар аяқталып, №3 қазандықты жөндеу жалғасуда.

Кеңес қорытындысында жауапты мекемелерге жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, энергетикалық нысандардың алдағы жылыту маусымында тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу