Батыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырып алған

450

Қазір індет ошақтарын улау және ауру малды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Батыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллез жұқтырып алған Фото: Жайық Пресс

Олар – Ақжайық және Шыңғырлау аудандарының тұрғындары. Өткен жылдың алғашқы тоқсанында 3 адам сарыпқа шалдыққан еді, деп жазады inbusiness.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Қатерлі инфекция салдарынан адамның буындары, жүйкесі мен жүрек-қан тамырлары зақымдалады. Ветеринария басқармасының мәліметінше, биыл аймақта мыңға жуық ірі қарадан бруцеллез анықталған.

 - Бұл ауырған адамдардың барлығы ауру жануарды күту барысында осы індетті жұқтырып отыр. Науқаспен қатынаста болған тұлғалар, барлығы 17 адам анықталып, олар тексеріліп, олардың нәтижесі теріс мәнді болып отыр, - деді Гүлмира Кажушева, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу