2023 жылғы 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдіктің әркетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкершікке тартылды.
Айта кетейік, биыл БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу