Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді су басты

758

Өткен тәулікте Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz. 

Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді су басты

"3 сәуір Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланды. Олар уақытша эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат тіркелген жоқ", – деп хабарлады ведомство. 

ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен Жақсыбай ауылынан Орал қаласына 2 жүкті әйел жеткізілді.

"Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 99 тұрғын үйді, Ақтөбе облысында 57 саяжай үйін және 21 аула аумағын су басты. Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда", – деп хабарлады ведомство. 

Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу