Батыс Қазақстан облысында білім беру саласын дамытуға 37 млрд теңге бөлінген

Қаржы қандай мақсатта жұмсалды?

Батыс Қазақстан облысында білім беру саласын дамытуға 37 млрд теңге бөлінген Фото: inbusiness.kz

Бұл сұраққа елордада өткен брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жауап берді. 

Өңір басшысының сөзінше, 37 млрд теңге апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге және жаңа білім беру нысандарын салуға бағытталған. 

Оның ішінде, мектептерді апатты жағдайға дейін жеткізбеу үшін 2,5 млрд теңгеге 4 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 3 нысанды 2024 жылға дейін аяқтау жоспарланған. 

"Апатты жағдайдағы мектептердің, сонымен бірге үш ауысымды оқыту, оқушы орын тапшылығы мәселелерін түбегейлі шешу үшін 32 млрд теңгеге 27 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда 4 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 12 мектеп құрылысын аяқтайтын боламыз. Мектептерде оқушыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін 2,3 млрд теңгеге 114 заманауи пәндік кабинеттер жабдықталып, 62 ауылдық мектептерге қажетті құралдар мен жиһаз алынды", – деп түсіндірді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу