Жайық өзенінде Ақжайық ауданының жылқылары судың тұтқында қалып қойған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жануарларды суға батып кетуден құтқарып, қауіпсіз жерге айдап шығарған. Барлығы 365 жылқы, оның ішінде 31 құлын құтқарылды.
Құлындар үшін судың тереңдігі қауіпті болғандықтан олар қайықпен тасымалданды.
Алғашында жануарлар келген құтқарушылардан үркіп қашқанымен, кейін қайыққа апаратын жолмен жүре бастаған, осылайша бір үйір жылқы аман-есен құрлыққа шығарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу