Жедел жеткен тәртіп сақшылары 1 сағаттан астам уақыт ер адаммен сөйлесіп, райынан қайтарған. Оны тыныштандырып, полиция бөліміне жеткізген.
Белгілі болғанындай, 29 жастағы ер адам Теректі ауданының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің мұндай іс-әрекетке бару себебін қызымен арасында болған жанжалдың кесірінен деп түсіндірген.
Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.