Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауыты салынады

186

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында жылына 4 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салынбақ.  

Батыс Қазақстан облысында газ өңдеу зауыты салынады Фото: Уральская неделя

Бұл туралы өңір әкімі Нариман Төреғалиев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жаңа газ өңдеу зауыты іске қосылғаннан кейін тұрғындарды елде өндірілген тауарлық газбен қамтамасыз ету мүмкіндігі артады.

"Облыста өндіріс саласы тұрақты түрде дамып келеді. Біз инвестиция тарту арқылы жаңа өндіріс орындарын ашып, отандық және жергілікті өнім түрлерін көбейтуді мақсат етеміз. Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласына қажетті кейбір жабдықтарды шығаратын зауыт іске қосылып, шикізат өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар өндіріле бастады", – деді Нариман Төреғалиев. 

Әкімнің айтуынша, Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы аясында өңірде өнеркәсіп көлемін арттыру жұмыстары қолға алынған. 

"Өткен жылы 4-ші компрессор, биыл 5-ші компрессор іске қосылды, ал 6-шы компрессордың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жоба Қарашығанақ кен орнындағы шикі газды дайындау, кері айдау және өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған. Алдағы уақытта Қарашығанақ кен орнында жылына 4 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, және осы бағытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр", – деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу