Батыс Қазақстан облысында граффити салған 15 адам жауапқа тартылды

266

7 адамға айыппұл салынып, 8 азамат қамауға алынды.  

Батыс Қазақстан облысында граффити салған 15 адам жауапқа тартылды Фото: pinterest.com

Батыс Қазақстан облысында қоғамдық орындарға заңсыз жазу мен граффити салған 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз жазулар мен суреттер салудың бірнеше фактісі анықталған. Оның ішінде 7 адамға әкімшілік айыппұл салынса, 8 азамат әкімшілік қамауға алынған.

Полиция мәліметінше, кінәлі азаматтар өздері салған жазуларды тазалап, орындарды бастапқы қалпына келтірген.

Қазір заңсыз жазулар анықталған орындар тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер мен жастар да қатысуда.

Жыл басынан бері облыста 50-ден астам орыннан заңсыз жазулар жойылған. Жұмыстар "Таза Қазақстан" жобасы аясында жүргізілуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу