Батыс Қазақстанда ірі қара мал басын 715 мыңға жеткізу жоспарланған

155

Ал ұсақ мал 1 млн 213 мың басқа дейін жеткізілмек.

Батыс Қазақстанда ірі қара мал басын 715 мыңға жеткізу жоспарланған Фото: gov.kz

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллиннің айтуынша, тұқымдық түрлендіру көрсеткішін 80%-ға жеткізіп, 1 300 бас асыл тұқымды малды импорттау көзделіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар, "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында 5,5 млрд теңге 815 адамға шағын несие ретінде беріліп, 886 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ауыл шаруашылығы саласына 14,4 млрд теңгенің 12 инвестициялық жобасы тартылып, өңірдегі агроөнеркәсіп кешені дамытылады.

Өткен жылы қуаңшылық болған аудандарға жергілікті бюджеттен 3,6 млрд теңге бөлініп, мал азығын субсидиялау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындарына 59 267 рулон шөп пен 1 863 тонна жем жеткізіліп, қосымша 531 млн теңге қарастырылды.

Мамандардың айтуынша, өңірде мал қыстағы қалыпты өтуде, қажетті азық көлемі толық дайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу