Батыс Қазақстан облысында кітапханашылар 46 млн теңгені жымқырған

183

Кітапхана есепшілеріне қатысты іс сотқа жолданды.  

Батыс Қазақстан облысында кітапханашылар 46 млн теңгені жымқырған Фото: gorod.lv

Есепшілерге 46 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БҚО Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 2023 жылдан 2025 жылға дейін кітапхананың бас бухгалтері мен бухгалтері қылмыстық келісімге келіп, ай сайын жоқ қызметкерлерге жалақы есептеп отырған. Қаражатты олар өздерінің банк шоттарына аударған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал 45,9 миллион теңгені құрады.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде кінәлі адамдар анықталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өтелді", – деді ведомство.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу