Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті жою бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың техникалары жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта өрт ошақтарына үздіксіз су жеткізіліп, жанған аумақтарды топырақпен жабу және рекультивациялау жұмыстары атқарылуда. Бұл жұмыстарға бульдозерлер, экскаваторлар және фронталды тиегіштер тартылған.
Арнайы техника қалдықтарды жылжыту, нығыздау, бықсып жатқан учаскелерді оқшаулау және өрт сөндіру көліктерінің қажетті аумақтарға жетуін қамтамасыз ету үшін қолданылуда.
Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін, қатты жел және полигонның кейбір учаскелеріне жетудің қиындығына байланысты күрделі жағдайда жүргізілуде. Соған қарамастан мамандар жұмыстарды күндіз-түні тоқтатпай жалғастырып жатыр.
Жағдай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тұрақты бақылауында.