Батыс Қазақстан облысында құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды

493

Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтынын анықтады.

Батыс Қазақстан облысында құны 231 млн теңге жер телімі мемлекетке қайтарылды Фото: canva.com

Прокуратура жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 млн теңге соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу