Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырған 216 науқас тіркелді

440

Бүгінде 1731 бала қызылшаға қарсы екпе алды, бірақ жұқтырғандар саны күннен күнге өсуде.   

Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырған 216 науқас тіркелді Фото: minzdrav.med04.ru

Ауру облыстың барлық аудандарында анықталуда, бірақ ең көп жағдайлар Орал қаласында (136 жағ.), Бөрлі ауданында (31 жағ.), Сырым (19 жағ.) аудандарында тіркелуде.

Ауырғандардың арасында 94% әр түрлі себептермен екпе алмағандар, себептер әртүрлі, негізінен бұлар екпеден бас тарту (34,9%), медициналық кейінге шегеру (18,3%), екпе алу жасына жетпеу (13,4%).

Қызылшаны емдеудің арнайы және тиімді емі жоқ.  Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы – вакцинация.

Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 1 жасқа дейінгі 9255 бала және 6 жастағы 9744 бала жоспарлы вакцинация алды. Вакцинация  үшін қызылшаға қарсы тиімді әрі қауіпсіз, қызамыққа және паротитке қарсы компоненттері бар вакцина (ҚҚП) қолданылады.

Батыс Қазақстан облысында 7 қарашада қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. Вакцинацияны  6 айдан бастап 11 айға дейінгі балалар, 2, 3, 4 жастағы балалар алады. Сондай-ақ вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар үшін толықтыра вакцинациялау жүргізіледі.

Қызылша мен қызамықты емдеуге арнайы дәрі-дәрмек жоқ, сондықтан екпе ғана сізді және балаңызды осы инфекциялардан қорғай алатынын біле жүріңіз, делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу