Батыс Қазақстан облысында орындықты сындырған 16 жастағы оқушының ата-анасына айыппұл салынды

185

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Батыс Қазақстан облысында орындықты сындырған 16 жастағы оқушының ата-анасына айыппұл салынды Фото: Бейнежазбадан

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында аллеядағы орындықты сындырған 16 жастағы оқушының ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбадан үш жасөспірімнің аллеямен келе жатқаны, олардың біреуі орындықтың үстіне секіріп, оны сындырғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әкімшілік материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтап, ортақ пайдаланудағы мүлікке ұқыпты қарауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу