Батыс Қазақстан облысында өзінің әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр

484

Оқиға Бәйтерек ауданы орталығы Переметный ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында өзінің әйелін пышақтап тастаған күдікті іздестіріліп жатыр Фото: БҚО полиция департаменті

"8 сәуір күні сағат 01.40-та 1990 жылғы ер адам кафелердің бірінің маңында өзінің 28 жастағы әйеліне көптеген пышақ жарақатын салған. Содан кейін оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен әйел Бәйтерек аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде күдіктінің жүрген жерін анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған полицияның барлық күші жұмылдырылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіруге оқталу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу