Батыс Қазақстан облысында Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті

349

Президент атынан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.  

Батыс Қазақстан облысында Президенттің жаңа жылдық шыршасы өтті Фото: БҚО әкімдігі

Президент шыршасы: "Қош келдің, жаңа жыл!" бағдарламасына жүздеген бала қатысты. Оларды Президент атынан Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа жылдық мерекеге 200-ден астам бала қатысты. Олар: оқу үздіктері, спортта, шығармашылықта жетістікке қол жеткізген мектеп оқушылары,  көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар балалар. Әр бала жақсы көңіл күймен қатысты. Әдемі костюмдер, байқаулар, музыкалық нөмірлер, фокустар, жаңажылдық ертегіге саяхат – балаларға қуаныш сыйлап, мерекеге ерекше рең берді.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан сыйлық, атап айтқанда 90 000 теңгеге ақшалай сертификат,  мектеп оқушыларына арналған энциклопедия, рюкзак және тәттілер тапсырылды.

Жаңа жылдық шырша аяқталғаннан кейін балалар "Кім патша?" және "Дед мороз на каникулах" қойылымдарын тамашалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу