Батыс Қазақстан облысында ШОБ саны 21%-ға артты

Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33% деңгейінде.

Батыс Қазақстан облысында ШОБ саны 21%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған аймақ әкімі Нариман Төреғалиев айтты. 

"Батыс Қазақстан облысында мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде шағын және орта бизнес тұрақты дамып келеді. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33% деңгейінде болып отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21%-ға өсіп, бүгінде 58 мың бірлікке жеткен", – деді аймақ басшысы. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде аталған секторда жұмыспен қамтылғандардың қатары 11%-ға артқан. Олардың жалпы саны 126 мың адамды құрап отыр. Ал шағын және орта бизнес өңірлік өнім өндірісіне айтарлықтай үлес өосып келеді. 

"Шағын және орта бизнес субъектілерімен 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Осы салаға биыл 21,6 млрд теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсетілді", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу