Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

643

Оралда жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.  

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Арнайы комиссия су басқан үйлерді аралап, зардап шеккендерге өтемақы төленеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан әкімдігінің хабарлауынша, кейінгі мәліметтер бойынша облыс орталығында 20 тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысанның жертөлесі мен бес көпқабатты үйді су басқан. Кейінгі аптада жергілікті байланыс орталықтарына мыңнан астам қоңырау түскен.

"Қазір облыста су тасқынына қарсы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Оған барлық коммуналдық қызмет жұмылдырылды. Су тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Кәріз желілеріндегі апаттардың алдын алу және іргелес жатқан ғимараттарды су басып қалу үшін коммуналдық қызметкерлер үйлердегі судың қысымын төмендетті, - деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласының Зачаганск ауылындағы су басқан шағын аудандарды, Саратов тас жолындағы су құбырларын, сондай-ақ Орал қаласының ескі орталығының көшелерін аралап көрген.

"Өңір басшысы қаланың су басқан қауіпті аймақтарын жеке өзі аралап шығып, тиісті жұмыстарды күшейтілген режимде жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, Нариман Төреғалиев облыстық төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және қоғамдағы мамандарға тапсырма берді", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Сондай-ақ облыс әкімі су тасқынына қарсы жұмыстардың қатаң бақылауда екенін атап өтті. Су тасқынының алдын алу жөніндегі арнайы облыстық штаб қазір тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, өңірдегі су тасқынына байланысты Қарулы күштердің әскери қызметкердері де көмекке жұмылдырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу