Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды

337

Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды Фото: БҚО ТЖД

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Аталған шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Шешімнің орындалу барысын өңір басшысы бақылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу