Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

345

Аппараттың ұзындығы 120 сантиметр.

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады Фото: "Мой город" басылымы

Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас зат құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мой город порталына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, 18 ақпанда сағат 23.00-де Бөкей Орда ауданының Ұялы ауылында белгісіз ұшу аппараты табылғаны туралы ақпарат түскен. Алғаш болып затты жергілікті тұрғындар байқаған. Аппараттың ұзындығы 120 сантиметрге тең. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар қызметі жұмыс істеді.

"Ұялы ауылының маңында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлау фактісі бойынша полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу