Өңірде мал ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ құрықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ресми мәліметке сүйенсек, топ құрамында ветеринар дәрігерлер де болған. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы мал ұрлап, оны саудалап пайда тапқан. Қылмыстың ізін жасыру үшін ақпараттық деректер базасына жалған ақпарат салып, рәсімдеген.
Ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, жолын кесу прокуратураның тікелей қатысы болды. Ведомство жасырын тергеу әрекеттерін ұйымдастырып, қажетті процестік нұсқаулар берген.
Қазір барлық күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу