Батыс Қазақстан облысында жағажайға жай түсіп, бір әйел мерт болды

251

Оқиға Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысында жағажайға жай түсіп, бір әйел мерт болды Фото: astanatv.kz

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 17:13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген.

Жедел жеткен фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш деректің жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу