Батыс Қазақстан облысында "Жайық қыраны – 2020" турнирі өтеді

1061

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры 1.5 млн. теңге.  

Батыс Қазақстан облысында "Жайық қыраны – 2020" турнирі өтеді

24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында "Жайық қыраны – 2020" республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Қансонар – қазақ халқы үшін бұрыннан келе жатқан аңшылық дәстүр.

Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Бұл турнир 2018 жылдан бері "Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры" жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу