Оқиға 31 қаңтар күні шамамен сағат 13.10-да Ақжайық ауданы аумағында болды.
Чапаев-Казталов автожолының 15-шақырымында "ВАЗ-2107" мен "Тойота Камри" автокөлігі бетпе-бет соқтығысты.
Соның салдарынан "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Түрлі жарақат алған алты адам трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың ішінде 2021 жылғы сәби бар.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, "ВАЗ-2107" автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, "Тойота Камримен" түйіскенін жеткізді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.